Ғалымдар қысқа мерзімді демалыстың өлімге әкелетінін анықтады
Опубликовано:
Хельсинки университетінің кадио-мамандары зерттеу жүргізіп, қысқа мерзімді демалыстар жүрек және қан тамырлары ауруларын өршітіп, өлімге әкеліп соғуы мүмкін деген ерекше қорытындыға келді. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ғалымдардың зерттеу жұмысына жасы 40-тан асқан 1222 ер адамдар қатысты. Олардың арасында жағымсыз әдеттер мен артық салмағы бар ерлер де болды.
Қатысушылардың әрқайсысы жүрек-қантамыр аурулары бар топтардың құрамына кірген.
Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша, ғалымдар адам өмірінің ұзақтығы оның көлемді демалысымен тығыз байланысты екенін айтты.
Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанған адамдардың өзі көп демалғандарға қарағанда өмірден ерте озған екен.
Сондықтан ғалымдар жылына төрт мәрте демалысқа шығу қажет деген шешімге келген. .
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792462-galymdar-kyska-merzimdi-demalysty-limge-keletinin-anyktady/