Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде жалын құсын көру нені білдіреді?

Опубликовано:

Түсіңізде жалын құс көру жақсылықтың нышаны. Бұл өмірдің барлық саласында сәттілік күтіп тұр дегенді білдіреді. Алайда кейде мұндай түс бос үміт жайлы ескертеді. Еnigma-project.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарыңызға ұсынады.

Түсіңізде жалын құс көру нені білдіреді?
Көрнекі сурет: YouTube: UGC

Түсіңізде жалын құсты ұстап алсаңыз, сіздің барлық армандарыңыз орындалады, ал жоспарларыңыз іске асады.

Науқас адам жалын құсты ұстап алса, дертінен арылады деген сөз.

Жалын құс төбеңізде ұшып жүрсе, бұл алдағы бастамаңыз оң аяқталады дегенді білдіеді.

Ал құс көкте ұшып, бірдіндеп көрінбей кетсе, мақсатыңызға жету үшін көп тер төгетініңізді ескертеді.

Дегенмен кейде ертегідегі құс бос үміт пен арман жайлы ескертеді.

Ер адам үшін бұл сұлу, бірақ ақымақ әйел, ал әйел адам үшін жауапкершіліктен жұрдай күйеу кездесетіні туралы хабарлайды.

Ұйықтап жатқан адам қиялдағанды жақсы көрсе, мұндай түс ештеңе білдірмейді.

Түсіңізде жалын құстың қанатын тауып алсаңыз, бұл өмірдің жаңа кезеңі басталады деген сөз.

Құстың айғайлағанын есту - жақсы хабар алатыныңыз.

Құйрығынан ұстап алу, соңғы сәтте жолыңыз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792558-tsiizde-zalyn-ksyn-kru-neni-bildiredi/

pixel