Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен 53 жасқа кіші жігітпен неке қиған қарт әйел желіні шулатты

Опубликовано:

Альмеда Эрреллидің жасы 72-де, ал оның сүйіктісі Гэри Хардвик небәрі 19 жаста. Олар екі жыл бұрын Альмеданың туған ұлы Роберттің жаназасында танысып, бір-бірін ұнатып қалған деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: @garyandalmedia
Фото: @garyandalmedia: UGC

Олардың келесі кездесуі екі айдан кейін өткен. Роберттің жесір әйелі Лиза оларды қалалық дәмханалардың біріне шақырған.

Қос ғашықтың қарым-қатынасы қарқынды дамып, бірнеше аптадан кейін Гэри Альмедаға жүрегі мен қолын ұсыныпты. Ал 6 күннен соң, олар некелерін қидыртып, небәрі 194 долларға той жасаған.

Біреулер олардың өмірінің соңына дейін бір-бірін сүйіп өтетініне сенсе, бірі Гэриді екі жүзді деп айыптап, жігіттің сезіміне аса сенім білдірмейді екен.

Көпшілік Гэриді әйелінің көмегімен танымалдыққа ие болуды жоспарлаған деп отыр.

Сондай-ақ Альмеданың туысқандары бұл некені құптамай, әйелден теріс айналып кеткен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792913-zinen-53-zaska-kisi-zigitpen-neke-kigan-kart-jel-zelini-sulatty/

pixel