RU

Англияда "ең сұлу сантехник әйел" табылды

Кішігірім ағылшындық Кру қаласының Чешир графтығында "ең сұлу сантехник әйел" аталып кеткен бойжеткен табылды деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Carly Gayle/Facebook
Фото: Carly Gayle/Facebook: UGC

Карли Гэйл 30 жасқа дейін біраз жұмыс өтілін жинаған. Ол шеберлік негіздерінің әкесінен дарығанын айтты. Сонау 15 жасында қыз жұмыс істеп, әкесіне көмек көрсете бастапты.

"Әкем құбырларды қалай дұрыс дәнекерлеу керек екенін үйретті", - дейді ол.

Бойжеткеннің сөзінше, әкесі қызының оның ізімен жүргенін қаламаған екен. Мұндай жұмысты қыз бала үшін өте ауыр деп тапқан. Алайда Гэйлді райынан қайтару мүмкін емес еді. Ол 30 жасқа келсе де осы мамандықты таңдағанына өкінбейді.

Фото: Carly Gayle/Facebook
Фото: Carly Gayle/Facebook: UGC

Гэйлдің айтуынша, оның жұмысы оған тұрақты табыс әкеліп тұрады. Ол жылына шамамен 36 фунт стерлинг ақша табады екен.

"Мен құрдастарыма қарағанда көп ақша табамын деп ойлаймын", - дейді Гэйл өз сөзінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792939-angliada-e-slu-santehnik-jel-tabyldy/