Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айыппұл 1500 теңге: Қала басшысы өсек айтуға тыйым салды

Опубликовано:

Филлиппин мемлекетінің Биналонан қаласында өсекке жол жоқ. Себебі қала басшысы Роман Гико артық әңгімер қоғамды бұзуы мүмкін деген ойда деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kalendar2019.ru
Фото: kalendar2019.ru: UGC

Өсек айтып жатып ұсталып қалған әрбір адам 200 песо, яғни, 1500 теңге шамасында айыппұл төлеуге міндетті. Одан бөлек, билік басшылары жалған сөйлеп, өзгелерді өсектеу - қоғамдық орындарда қоқыс тастаумен тең деп есептейді.

Сол себепті артық әңгіме айтуды ұнататындар айппұлмен қатар 3 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тартылады. Айыпталушы қала көшелеріндегі қоқысты жинауға міндетті болады.

Заң 2017 жылдан бері өз күшін сақтап келеді. Осы уақыт аралығында бірнеше адам бос әңгіме айтқаны үшін жауапқа тартылған.

Рамон Гико "өсек" сөзіне нақты анықтама бермеген. Ол тек өзгелердің өмірі мен қаржылай жағдайын талқылауды жақсы көретіндерге айыппұл салатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793117-ajyppl-1500-tege-kala-bassysy-sek-ajtuga-tyjym-saldy/

pixel