Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

64 жастағы мұғалім аяқ астынан модельге айналып кетті

Опубликовано:

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын 64 жастағы Лин Слэйтер (Lyn Slater) университетте сабақ береді. Ол аяқ астынан модель болып кеткенін жеткізді деп жазады bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Лин Слэйтер бірнеше жыл бұрын құрбысын сән апталығы өтіп жатқан Линкольн орталығында күткенін айтты.

"Журналистер мені cән әлемінде жүрген атақты адаммен шатыстырып, сұрақтарын қойды. Суретке түсірді. Маған бірнеше қолтаңба беруге тура келді. Осы жағдай менің жеке блог жүргізуме шабыт сыйлады", - деп есіне алды ол.

Лин блогын Accidental Icon деп атайды.

Ол сән әлемінде үлкен жетістікке жетсе де, ұстаздық қызметін қатар алып жүргенін алға тарты.

64 жастағы Лин бірнеше танымал брендтің жарнамалық роликтеріне түсіпті.

Ол атақты Elite Model модельдік агенттігімен келісім шартқа отырған.

Лин жас көрінуге тырыспайды. Ол самайына түскен ақ шаштан қымсынбайды және боямайды.

Модельдің блогын көбінесе 35 жастан асқан адамдар оқиды.

"Мен кез келген жаста өзіңді жайлы сезінуге болатынын ұғындым", - деді 64 жастағы мұғалім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793348-64-zastagy-mgalim-aak-astynan-modelge-ajnalyp-ketti/

pixel