Роман Абрамовичтің бұрынғы әйелі жаңа сүйіктісін көрсетті (фото)
Опубликовано:
Танымал олигарх Роман Абрамовичтің бұрынғы жары жаңа сүйіктісімен ел алдына шықты. Он жыл отасқан жолдасымен ажырасып кеткен Даша Жукова қайтадан ессіз ғашық болғанын жасырмады. Оның таңдауы өзінен төрт жас кіші грекиялық магнатқа түскен деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

36 жастағы Даша Жукованың жаңа сүйіктісі 32 жастағы миллиардер Ставрос Ниархос.
Қос ғашық тоғызыншы мамыр күні АҚШ-та өткен Met Gala шарасына қол ұстасып келген. Бірге ел алдына шыққан жұп мерекелік кеш бойы бір-бірінен айырылмаған. Куәгерлердің айтуынша, Абрамовичтің бұрынғы әйелі бақытты әрі ессіз ғашық болып көрінген.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793592-roman-abramovicti-bryngy-jeli-zaa-sjiktisin-krsetti-foto/