АҚШ-та аспаннан түскен жұмбақ нысан тұрғындардың зәресін ұшырды (видео)
Опубликовано:
АҚШ-тың Калифорния штатында отбасы аспаннан түсіп келе жатқан белгісіз нысанды видеоға түсіріп алған. Енді желі қолданушылар бұның не екенін қызу талқыға салуда деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ .

Видеоны интернетке жүктеген Пабло Моралес жұмбақ нысанның сұлбасы адамға келетінін айтып, бұл аспаннан түскен "періште" деп болжады.
Видеода ол жанындағылардан: "Бұл Иса пайғамбар ма?" деп сұрайды. Кейін испан тілінде: "Бұл адам", - деп қосады.
Сол сәтте қасындағы адамдар жапа-тармағай өз болжамдарын айта бастайды.
Желі қолданушылары да пікірлерін білдірген.
"Калифорния кептелісінен құтылудың тамаша жолы!", "Құдай-ай, Калифорнияда аспаннан гуманоидтар құлап жатыр. Трампқа қаншалықты биік қабырға тұрғызуға тура келеді?", "Бұл шарға ұқсамай ма?", - деп жазды желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794076-aks-ta-aspannan-tsken-zmbak-nysan-trgyndardy-zresin-syrdy-video/