Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағы сынған досын жігерлендірген каратэшілерге жұрт риза болды

Опубликовано:

Желіде тақтайшаны сындыруға барын салған жас каратэшінің видеосы тарап кетті. Бастапқыда әлі келмеген бүлдіршін бапкерінің көзінше жылап жіберген. Алайда, балақайды достары жігерлендіріп, ол көздеген мақсатына жеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Кішкентай спортшының қайтпас қайсарлығы мен достарының адалдығы бейнелеген видео Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында жарияланған.

Виедодан баланың тақтайшаны сындыра алмай, жылағанын көруге болады. Осы кезде сағы сынған спортшыға достары қолдау білдіре бастайды. Олар досының атын атап, тақтайшаны сындырмайынша қол шапалақтайды.

Балақай ақыры бірнеше мүмкіндіктен кейін дегеніне жетіп, тақтайшаны сындырған. Ал досына риза болған каратэшілердің барлығы айқайға салып, оны құшақтай жөнеледі.

Желі қолданушылары өз кезегінде әсерлі видеоға тәнті болып, түрлі пікірлерін жарыса жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794188-sagy-syngan-dostaryn-zigerlendirgen-karatesilerge-el-sjsinde/

pixel