Автобуста жерге жатып жаттыққан жігіт жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Қоғамдық көлікте жерге жатып жаттығу жасаған жігіт желі оқырмандарының қызу талқысына түсті. Бейнежазба Instagram желісіндегі instavideokz парақшасында жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Жас жігіттің жаттығу сәті бейнеленген видео әлеуметтік желіге тарап кетті.

Денесін 16 рет жерден көтерген (отжимание) жігіттің әрекетін досы түсіріп алған сыңайлы.

Видеоға қатысты желі қолданушылары түрлі пікірін жаудырды.

"Жолға ақшасы жетпей қалған ба", "Жаз келе жатыр, жаттығып қалу керек", "Қызға бара жатып, жаттығып алайын деген ау шамасы", "Оңай картасын үйде қалдырып кеткен бе", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794215-avtobusta-zerge-zatyp-zattykkan-zolausy-zrtty-tagaldyrdy/