Салмағы 37 келі болған ару жүктіліктің арқсында аман қалған (фото)

Опубликовано:

Австралиялық Айрис Дойлдың салмағы небәрі 37 келіні құраған. Бойжеткен отбасындағы қиындықтардың салдарынан күйзеліске түсіп, тамақтан бас тартқан. Алайда өлім аузында жатқан ару жүктілігінің арқасында аман қалған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: MDWfeatures
Фото: MDWfeatures: Depositphotos

Айристің басындағы қиындықтары бала күнінен бастау алған. Бойжеткен нашар отбасында дүниеге келген.

"Мен жағымсыз ортада өстім. Айналамда тек мастық, нашақорлық, отбасындағы зорлық-зомбылық болды. Осының бәрі күрт салмақ тастауыма әкеліп соқты деп ойлаймын", - дейді ол.
Фото: MDWfeatures
Фото: MDWfeatures: Depositphotos

Австралиялық ару іштегі мұңын жазып, жағымсыз энергиядан арылуға тырысқан. Алайда қолынан ештеңе келмейтінін түсінген соң, тамақтан бас тартып, өзін қинай бастаған. Осылайша ол күніне небәрі 400-500 калория тұтынған.

Ал біраз уақыт өткеннен кейін оның анасы өзіне қол жұмсап, дүниеден озған. Бұл суыт хабар бойжеткеннің сағын одан бетер сындырды.

"Дәрігер маған: "Көмектен бас тартсаң, өліп кетуің мүмкін" деді. Жағдайымның нашар болғаны сонша, олар мені үйге жібермей, бірден ауруханаға жатқызғысы келді", - дейді Айрис.
Фото: MDWfeatures
Фото: MDWfeatures: UGC

Алайда ол аяқ асты өзінің жүкті екенін білгенде сәбидің дамуында еш қиындықтар болмауы үшін өмірін түбегейлі өзгерткісі келетінін түсінген.

Қазір Айристің жасы 22-де, ал салмағы - 49 келіні құрайды.

"Мен жазылып келемін .Жүктілік өмірімді құтқарды. Мен өзімді темір тордан босағандай сезінемін. Тыныс алып, қозғалып, өмірдің ләззатын сезіне аламын", - дейді ару.
Фото: MDWfeatures
Фото: MDWfeatures: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794479-salmagy-37-keli-bolgan-aru-zktilikti-arksynda-aman-kalgan-foto/