Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамның жұбайының пәтерінде тұрғаны дұрыс па?

Опубликовано:

Отбасын құрғаннан соң ерлі-зайыптылардың алдында тұрғын үй мәселесі туындайды. Бұрын бойжеткен тұрмысқа шықаннан кейін ер азаматының үйіне кіріп, құтты ұясына қонатын. Ал қазір заман өзгеше. Бүгінгінің жастары пәтер мәселесін жағдайына қарай шешеді. Әйелінің пәтері бар болса, ер адамның ол жерге көшіп барғаны дұрыс па? Осы сұраққа woman.rambler.ru сайтына сілетеме жасай отырып KAZ.NUR.KZ жауап берді.

Фото: vplate.ru
Фото: vplate.ru: UGC

Альфонс күйеу

Альфонс азаматпен бірге өмір сүру - ең жағымсыз дүниелердің бірі. О баста әйел адам көр соқыр болып, күйеуінің басына мініп алғанын байқамайды. Тек белгілі уақыт өткеннен кейін әйелі жұбайына пәтерден басқа ештеңе керек емес екенін түсіне бастайды.

Альфонс жігіттер артын жинастырмай, тұрмыстық жағдайын жақсартуға да тырыспайды. Олар тіпті жұмысқа бармай, әйелінің ақшасына өмір сүре береді. Егер үйдегі отағасы дәл осындай мінез көрсетсе, ең дұрысы - жалдамалы пәтерге көшіп кету.

Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы

Әйел адам: "Күйеуім мені толықтай қамтамасыз ету керек" деп ойлайды. Жұбайы пәтерде жөндеу жұмыстарын жасап, үй шаруасымен көмектесіп, ақша тапса да, күйеуіне риза болмай жатады.

Себебі ол оны толыққанды ер азамат деп қабылдамайды. Осы тұста жанжалдар орын алуы мүмкін. Мәселені шешу үшін жаңа ортақ пәтер қарастырған дұрыс.

Отбасындағы қарым-қатынас

Ер азамат әйелінің пәтерінде өзін жайлы сезініп, ал әйелі оған еш наразылық білдірмесе, онда бірге тұра беруге болады. Ғашықтар бір-бірін сүйіп, мәңгі бірге болу үшін отбасын құрады. Бұл жерде мүлік мәселесін көтере берудің қажеті жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794516-er-adamny-zbajyny-pterinde-trgany-drys-pa/

pixel