Непалдық азамат Эверестті 23 рет бағындырып, рекордты орнатты (фото)
Опубликовано:
Гималайда тұратын шағын ұлттардың өкілі - непалдық шерп әлемдік рекорд орнатты. Ол 23-ші рет Жер шарының ең биік шыңы - Джомолунгмаға (Эверест) көтерілген деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

49 жастағы шерп Ками Рита Эверестті қайта бығындырып, бір жылдан аз уақыт бұрын өзі орнатқан рекордты жаңартқан.
Жергілікті билік Ками Ританың биіктігі 8 848 метрді құрайтын Джомалунгма шыңына 07:50 уақытында шыққанын хабарлады.
Ол аталған шыңды соңғы рет 2018 жылы 16-мамыр күні бағындырған болатын.
Айта кетейік, Гималайдың ең биік нүтесіне 20 рет көтерілген тек бірнеше непалдық шерптер ғана бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794584-nepaldyk-azamat-everestti-23-ret-bagyndyryp-rekordty-ornatty-foto/