Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жастағы блогер қыз туған күніне 70 млн теңгеге көлік сатып алды (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желі жұлдызы таиландтық ару Наттанан Санунрат өзінің туған күніне естен кетпей сыйлық жасады. 4 жасынан бері бет әрлеп, үлкен танымалдыққа ие болған жасөспірім қыз бала өзіне алты миллион батқа 71,6 млн теңгеге көлік сатып алған деп хабарлайды Life.ru.

Фото: Viral Press
Фото: Viral Press: UGC

Наттанан макияж жасаумен төрт жасынан бері айналысады. Ол өзінің жасаған туындыларымен желіде бөлісіп отырады. Соның арқасында асқан танымалдыққа ие болған.

Тіпті бір жыл бұрын Наттанан Лондондағы сән апталығына қатысқан.

Жеткіншек көлік айдай алмайды. Алайда бұл Наттананға өзіне бағалы сыйлық жасауға кедергі болмаған. Есесіне қымбат көліктің қызығын оның ата-анасы көрмек.

Ал Наттананның өзі алты жылдан кейін бір-ақ темір тұлпарын тізгіндемек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794759-12-zastagy-bloger-kyz-tugan-kninei-740-mln-tegege-klik-satyp-aldy-foto/

pixel