Төстартқыштар сүт безінің қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін бе?
Опубликовано:
Америкалық ғалымдар әйел адамдарға төстартқыш тақпауға кеңес берді. Айтуларынша аталмыш іш киім сүт бездерінің қатерлі ісігінің дамуына ықпал етеді екен деп хабарлайды belnovosti.by-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Академиктер төс мөлшері 3-ке тең әйел адамдарға төстартқыш тақпауға кеңес берді. Олардың сөзінше төстартқыш сүт бездерінің қатерлі ісігіне әкеп соқтыруы мүмкін екен.
Сондай-ақ олар төстартқышты таңдаған сәтте барынша ыңғайлысын алуға кеңес берді.
Айтуларынша, төстартқыш неғұрлым ыңғайлы болған сайын, сүт безінің қатерлі ісігі дертіне шалдығу көрсеткіші соғұрлым төмен болады екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794949-tstartkystar-st-bezini-katerli-isigine-kelui-mmkin-be/