RU

Зеленский АҚШ-ты Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды

Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский АҚШ-ты антиресейлік санкцияларды күшейтуге шақырды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: РИА Новости/Стрингер
Фото: РИА Новости/Стрингер: Facebook

Салтанатты рәсімнен кейін Зеленский Киевке арнайы келген Ақ үй өкілдерімен кездесті.

"Донбасс пен Қырымдағы ресейлік агрессияны өзіміз жеңе алмаймыз. Сондықтан бізге көмек қажет. Сізді АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларын күшейтуді жалғастыруға шақырамын", - деді президент.

Зеленскийдің айтуынша, Вашингтон Киевтің "ресейлік агрессияны жеңудегі" негізгі серіктесі болып қала береді.

Бұдан бөлек, украиналық көшбасшы ішкі реформалар мен қауіпсіздікке көмектескені үшін шетелдік әріптестеріне алғысын білдірді және АҚШ-тың демократиясын "жақсы үлгі" деп атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795020-zelenskij-aks-ty-resejge-karsy-sankcialardy-ksejtuge-sakyrdy/