Дычко жұдырықтасқан кеште қос боксшы бірін-бірі бір уақытта нокдаунға жіберді
Опубликовано:
Оныншы мамыр күні Голливудте өткен бокс кешінде қызықты жағдай орын алған. Шаршы алаңға шыққан кубалық Иросвани Дювергель мен америкалық Джерхед Фендерсон бір уақытта бірін-бірі нокдаунға жіберген деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бір уақытта болған қос нокдаун жекпе-жектің үшінші раундында болған. Өзара соққы алмасқан боксшылар бір мезетте жерге құлаған.
Дювергель тез-ақ есін жиып, орнынан тұрып алса, оның қарсыласы реферидің есебіне дейін канваста жата берген.
Жекпе-жек соңында кубалық спортшы жеңімпаз атанды. Иросвани Дювергель төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.
Айта кетейік, бұл қызықты жағдай қазақстандық боксшы Иван Дычко жұдырықтасқан бокс кешінде орын алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795123-dycko-zdyryktaskan-keste-kos-bokssy-birin-biri-bir-uakytta-nokdaunga-ziberdi/