RU

Сабақтағы білімін іс жүзінде қолданған оқушы қыз құрбысын аман алып қалды

9 жасар Шейлин Райан мектеп асханасында тамақтанып отырып, құрбысы Кира Сильвияның тамағына ас тұрып, тұншығып бара жатқанын көрген. Алайда қыз еш саспастан досын құтқарып қалған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

Шейлин оқиғаның алдында бір күн бұрын Массачусетс шататындағы Нортборо қоғамдық орталықтан арнайы сабақ алған.

Кираның тұншыққанын көрген қыз сол сабақта алған білімдерін іс жүзінде қолданып, оның өмірін аман алып қалыпты.

Шейлин өзі тұрған қалада кеңінен танылды. Сонымен қатар, "Америкалық жүрек Ассоциациясы" мектеп оқушысына арнайы марапат беруді жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795139-sabaktagy-bilimin-is-zzinde-koldangan-okusy-kyz-krbysyn-aman-alyp-kaldy/