Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сельфи жасамақ болған студент қыз 10 қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

Литва астанасы Вильнюстегі оқып жүрген 19 жастағы Беларусь студенті түнгі аспан аясында суретке түспек болып, 10 қабаттан құлап кеткен. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сельфи жасамақ болған Белоруссия студенті 10 қабаттан құлап кетті
Фото: life.ru/East2west: Facebook

Куәгерлер жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер жарты сағат бойы бойжеткеннің өмірін сақтап қалу үшін күрескен. Алайда қыздың жүрегі соқпай қалған.

Сельфи жасамақ болған Белоруссия студенті 10 қабаттан құлап кетті
Фото: life.ru: Facebook

Виктория Еуропалық гуманитарлық университеттің "Медиа және коммуникациялар" бағдарламасының екінші курс студенті болған.

Оқу орнының сайтында көңіл айту жазбасы жарияланған.

"Студенттер, ұстаздар және университет қауымдастығыңың барлық мүшелері қатты қамығуда. Викторияның жақындары мен туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795160-selfi-zasamak-bolgan-student-kyz-10-kabattan-klap-ketti/

pixel