Авcтралияда құмды дауыл әп-сәтте күндізді түнге айналдырды (видео)

Опубликовано:

Австралия тұрғындары құмды дауылға үйренген. Алайда Милдьюра қаласын басқан сұрапыл дауылды адамдар жарты ғасыр бойы көрмеген. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Автралияда құмды дауыл әп-сәтте күндізді түнге айналдырды (видео)
Фото: Видеодан скриншот Коллаж:KAZ.NUR.KZ: Facebook

Табиғаттың алапат күшінің көрінісі видео тіркегішке түсіп қалған. Видеодан жүргізушінің сары бұлтқа қарай келе жатқанын көруге болады.

Кенет жаңа ғана жарықта келе жатқан көлік түнек ортасына түседі. Жол көрінбей қалады, бірақ батыл жүргізуші қозғалысын жалғастыра береді. Қарсы бағытта басқа да көліктер өтіп жатады.

Видеодан көше жарықтары қосылып тұрғанын байқауға болады.

Жол мүлде көрінбей кеткендіктен жүргізуші шетке тоқтап, дауылдың аяқталғанын күтуге бел буады.

Милдьюрдегі жел екпіні секундына 25 метрге жетті. Куәгерлердің сөзінше, 15 минуттың ішінде аспан қарауытып, сарғайып, қап-қара болып кеткен. Сөйтіп қаланы түнек басқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795293-avctraliada-zarty-gasyr-bolmagan-dauyl-p-stte-kndi-tnge-ajnaldyrdy-video/