Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан президентінің қызы баспасөз қызметтеріне шүйлікті

Опубликовано:

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева баспасөз қызметтері мен сол салада жұмыс істейтіндерді сынға алды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Фото: Саида Мирзиёева/Facebook
Фото: Саида Мирзиёева/Facebook: Facebook

Саида сәуір айында ақпарат және бұқаралық байланыс агенттігі директорының орынбасары қызметіне келді.

Ол Facebook парақшасында шетел тәжірибесі мен мамандардың пікірін алға тартып, Өзбекстандағы баспасөз қызметі төмен деңгейде екенін жеткізді.

"Баспасөз қызметі жетекшілерінің көбісі бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу қажеттігін түсінбейді. Халық елде болып жатқан реформаларды жеткілікті біле бермейді. Президент пен үкімет қабылдап жатқан шешімдер халыққа дұрыс жетіп жатқан жоқ. Ақпарат дұрыс жетпегендіктен халықта екі жақты пікір қалыптасады", - деді Мирзиёева.

Ол баспасөз қызметінің жұмысына байланысты қосымша құқықтық-нормативтік құжат қабылдау керектігін атап өтіп, бұл бағыт бойынша жұмыстардың басталып кеткенін де айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795406-zbekstan-prezidentini-kyzy-baspasz-kyzmetterine-sjlikti/

pixel