Желіде Зеленскийдің үйлену тойындағы суреттері пайда болды (фото)
Опубликовано:
Көпшілікке әзілкеш ретінде танылған Владимир Зеленский енді Украина президенті атанды. Бүгінде ел басшылығына келген азаматтың өмірі кез келген адамның қызығушылығын тудыруда. Осы орайда, желіде мемлекет басшысының 2003 жылы болған үйлену тойының суреттері жарияланды деп жазады starhit.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Зеленскиймен қоса, оның жарының да өмірі бір күнде өзгеріп шыға келді.
Кезінде аса танымал емес әзілкешке тұрмысқа шыққан Елена Зеленская уақыт өте келе мемлекет басшысының әйеліне айналатынын ойламаса керек.

Қос ғашықтың үйлену тойына тек ет жақындары шақырылған. Мерекелік шара қарапайым түрде өтіпті.
Елена қызғылт түстес гүлдермен безендірілген қалыңдық көйлегін таңдаса, Владимир сұр түсті костюм киген.

Ерлі-зайыптылар мектеп қабырғасынан бері таныс болған. Алайда, тек университетте оқып жүрген кезінде ғана кездесе бастаған.
Алайда, Елена қалай болғанда да күйеуінің көлеңкесінде қалуды жөн санады.
Ол жолдасының телеарнадағы бағдарламасына сценарий жазуға көмектесіп, көбіне бала тәрбиесіне көңіл бөлген.

Starhit.ru сайтының хабарлауынша, желіде пайда болған суреттер кезінде Елена Зеленскаяның Instagram парақшасында болған.
Бірақ, Владимир сайлауға дайындала бастаған сәтте ол парақшасындағы суреттердің көбісін өшіріп тастаған.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795544-zelide-zelenskijdi-jlenu-tojyndagy-suretteri-pajda-boldy-foto/