Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам мұрагер атану үшін 83 жастағы сүйіктісін есінен адастырмақ болған

Опубликовано:

Ұлыбритания тұрғыны Бенжамин Филд егде жастағы сүйіктісінің оны мұрагерлер қатарына қосуы үшін айнаға библиялық жазбалар қалдырып отырған деп хабарлайды iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: THAMES VALLEY POLICE
Фото: THAMES VALLEY POLICE: UGC

28 жастағы ер адам бір жыл бойы 83 жастағы Энн Мур-Мартиннің жүрегінен орын іздеген. Оған өлең арнап, отбасын құруға ұсыныс тастаған. Сонымен қатар, ол қарт әйелден науқас бауырының еміне 27 мың фунт ақша сұраған.

Бірнеше уақыттан кейін әйел адам үйіндегі айнадан: "Сен оған не берсең, ол соны қайтарады", "Бен үшін дұға ет, ол сені сүйеді" деген жазбаларды көре бастаған. Мартин мұны Жаратқанның жолдауы деп ойлап, өзінің психикалық денсаулығына күмән келтіре бастаған.

Осы жазбалардан кейін әйел адам үйді сүйіктісіне қалдырмақ болып шешкен. Алайда өлер алдында айнып қалып, Бенжаминнің оны улағысы келгенін айтты.

Көп ұзамай әйел адам көз жұмды. Алайда оның өз өлімімен өлгеніне қарамастан полицей қызметкерлері жігітті құрықтаған.

Себебі олар Бенжаминнің ұялы телефонынан айнадағы жазулардың суретін тауып алған. Ол егде жастағы әйелді өлтіріп, істі жазатайым оқиға ретінде көрсетпек болғаны үшін айыпталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795607-er-adam-mrager-atanu-sin-83-zastagy-sjiktisin-esinen-adastyrmak-bolgan/

pixel