Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда ер адам аялдамада тұрған 19 адамға пышақпен шабуыл жасаған

Опубликовано:

Жапонияда белгісіз ер адам автобус аялдамасында тұрған адамдарға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғадан зардап шеккендердің саны 19-ға жетті деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: EPA
Фото: EPA: Twitter

Жантүршігерлік оқиға Токиоға жақын орналасқан Кавасаки қаласында болған.

Бейтаныс азамат автобус аялдамасындағы 19 адамды пышақпен жарақаттаған.

Киодо агенттігінің хабарлауынша, олардың екеуінің (соның ішінде баланың да) жағдайы аса ауыр деп бағалануда.

Зардап шеккендердің арасында балалар да бар.

Полиция шабуылдаған азаматты тұтқындаған. Ол өзін де жарақттаған. Ер адамның жағдайы да аса ауыр деп бағалануда.

Оқиға орнынан екі пышақ табылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1796282-zaponiada-er-adam-avtobus-aaldamasynda-trgan-19-adamga-pysakpen-sabuyl-zasagan/

pixel