Зеленскийдің әйелі президентпен түскен жаңа суреттерін жария етті (фото)
Опубликовано:
Елена Зеленская Украина президенті атанған күйеуімен түскен жаңа суреттерін жариялады. Ол жұбайымен бірге "Квартал 95" шоуының түсіріліміне қатысып қайтқан деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Владимир Зеленскийдің жары соңғы кездері Instagram желісінде белсенділік танытып жүр.
Украинаның бірінші ханымы жолдасымен бірге түскен жаңа суреттерін өзінің парақшасында жариялап, оқырмандарын қуантып қойды.
Әзіл-ысқақ шоуына қатысып қайтқан ерлі-зайыптылар студияның басқа да қонақтарымен бірге жақсы көңіл көтеріп қайтқан.
Айта кетерлігі, Зеленскийлер беделді қонақтар қатарында емес, қарапайым халықтың ортасында отырған.
Желі қолданушылары мен бағдарлама көрермендері президенттік отбасының қарапайымдылығына тәнті болып, оларға деген жылы лебізін білдірген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1796386-zelenskijdi-jeli-prezidentpen-tsken-zaa-suretterin-zaria-etti-foto/