Ер адам көпқабатты үйден құлап бара жатқан бүлдіршінді қағып алды (видео)

Опубликовано:

Қытайда қараусыз қалған екі жасар бала көпқабатты үйден құлап қалған. Алайда 28 жастағы Тоник Тұрғанбек бүлдіршінді қағып алып, оны өлімнен арашалаған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

Көшедегі жүргіншілер бесінші қабаттың терезесінде тұрған балақайды байқағанымен, ештеңе істей алмаған. Бірақ 28 жастағы Тоник Тұрғанбек көлігін орнына қойып жатқан кезде ұшып келе жатқан бүлдіршінді көріп, лезде сыртқа шыққан.

Ер адамның сөзінше, баланы көрген кезде бірден құтқару жүгірген. Алайда ол ойша не істеп жатқанын түсінбепті. Қолын жайып, құлап бара жатқан баланы қағып алуға тырысқан.

Бүлдіршін ер азаматтың кеудесіне ұрынып барып, жерге құлады.

Бала мен Тоник дереу ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай бала дін аман болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1796423-er-adam-kpkabatty-jden-klap-bara-zatkan-bldirsindi-kagyp-aldy-video/