Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушы қыздың басынан балтамен ұрған 15 жастағы жеткіншек жаға ұстатты

Опубликовано:

Ресейдің Саратов облысында орналасқан мектепте келеңсіз жағдай орын алып, нәтижесінде 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шекті. Мектеп оқушысының бірі қыз баланың басынан балтамен ұрған деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Даниил Пулькин. Фото: Lshot және pixabay.com
Даниил Пулькин. Фото: Lshot және pixabay.com: Depositphotos

Оқиға Вольсктегі №4 мектепте орын алды. Оқу орнында емтиханға кезек басталған уақытта, сынақты тапсырушылардың арасында Даниил Пулькин тұрды.

Алайда ол мектепке балта мен Молотова коктейльмен келіпті. Жеткіншек жанып тұрған қоспаны кабинетке тастаған. Ал қыз бала күтпеген жерден жеткіншектің қолына құлап кетіп, ауыр жарақат алды.

Қазіргі уақытта жәбірленуші ауруханада жатыр. Ол көп қан жоғалтқан.

LIFE SHOT Telegram-арнасында шабуылдаушы жеткіншек туралы ақпарат пайда болды.

"15 жастағы Даниил - ұшқалақ жеткіншек. Ол туралы апасы айтып берді. Жас бала сабақты нашар оқиды және өте көп уақыт компьютер ойындарын ойнайды. Оның анасы - жеке кәсіпкер.
Папасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Мектепте Даниилді бұзық оқушы деп атайды. Көп агрессияға түсетіні де айтылды. Кейбір ақпаратқа сәйкес, жеткіншек полиция департаментінің есебінде тұр", - делінген хабарламада.

Туыстары бірнеше күн бұрын жеткіншектің белбеуіне ілінген балтаны байқаған. Бірақ олар интернет арқылы тапсырыс берген ойыншық деп ойлап, бұған мән бермегін айтыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1796446-okusy-kyzdy-basynan-baltamen-rgan-15-zastagy-zetkinsek-zaga-statty/

pixel