Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер жиі айтатын өтірік кеңестерді білесіз бе?

Опубликовано:

Мамандар дәрігерлердің жиі беретін кеңестеріне сараптама жасай келе, олардың көбінің шындыққа жанаспайтынын анықтаған деп хабарлайды doctor.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lnr.today
Фото: lnr.today: UGC

Дәрігерлердің пайдасы жоқ 5 кеңесі мынадай:

Көбірек су ішу

Мамандар ең алдымен дәрігерлердің күніне сегіз стақан су ішу керек деген кеңесіне қарсы шықты. Олардың сөзінше, адамдардың ағзасы әртүрлі болғандықтан, әркім үшін судың мөлшері түрлі болып келеді.

Манту екпесі салынған жерге су тигізбеу

Мамандар манту сынамасына су тимеу керек деген қағиданы да жоққа шығарды. Анықталғандай, вакцина терінің төменгі қабатына салынады екен. Сол себепті де ол жерге судың тиіп кетуі мүмкін емес.

Алайда ине егілген жерді қасымау керек деп кеңес берген дәрігердің сөзіне құлақ асқан жөн.

Таңғы ас ішу

Адамдардың ағзасы әртүрлі құрылғандықтан, біріне таңғы ас ішкен пайдалы. Ал енді біреулер үшін зиян келтіруі мүмкін. Яғни, таңғы ас ішкісі келмеген адам өзін күштемеу қажет.

Теледидар мен компьютерден көз көру нашарлайды

Әрине компьютер мен теледидардан бас алмау сіз үшін пайдалы емес. Иә, гаджеттерден көзіңіз талып кетуі мүмкін, алайда олар көз нашарлығына әкеп соқпайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1796447-drigerler-zii-ajtatyn-tirik-keesterdi-bilesiz-be/

pixel