RU

Бойжеткен ұялы телефон сыйламаған сүйіктісін 52 рет салып жіберген

Қытайдағы Дачжоу қаласының тұрғыны кездесіп жүрген қызына ұялы телефон алып бермегені үшін сүйіктісінен көше ортасында оңбай таяқ жеген деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

Көшедегі жүргіншілер бойжеткеннің жігітке балағат сөздер айтып, оны ұрып жатқанын көрген. Алайда ер адамға көмектесуге ешкім құлшынбаған.

Куәгерлердің сөзінше, ашуға булыққан ару көшені басына көтеріп, жігітті бетінен ұрғылап, оңдырмай сабаған екен.

Анықталғандай ер азамат сүйіктісіне ұялы телефон сыйламай, оның көңілін қалдырған екен.

Оқиғаның қалай аяқталғаны белгісіз. Алайда куәгерлер жігіттің кемінде 52 рет бетінен соққы алғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1796713-bojzetken-aly-telefon-syjlamagan-sjiktisin-52-ret-salyp-zibergen/