Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 әйелді жауыздықпен өлтірген полицей өмір бойына абақтыға жабылды (фото)

Опубликовано:

Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының 19 әйелді өлтірген бұрынғы полиция қызметкері Евгений Чуплинскийді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешімі заңды күшіне енді деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости/Александр Кряжев
РИА Новости/Александр Кряжев: Facebook

Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушының және оның қорғаушысының апелляциялық өтініштері бойынша дәлелдерін қанағаттандырмады.

Айта кетейік, Евгений Чуплинский 1998 жылдың күзінен бастап 2005 жылдың шілдесіне дейін 18 бен 31 жас аралығындағы 19 әйелді жауыздықпен өлтіргені үшін айыпталды.

Оның қылмыстарының күрделілігі сонша, құқық қорғау орындарына қылмысты толық зерттеу үшін 10 жыл уақыт қажет болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1796870-policia-kyzmetkeri-19-jeldi-zauyzdykpen-ltirdi-foto/

pixel