Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алимент төлеуден қашқан әке қабірдің ішіне тығылып қалған

Опубликовано:

Ресейдің Астрахань облысында тұратын ер адам 200 мың рубльден асатын қарыз алиментті төлемеу үшін қабірге барып тығылған. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Original

Ер азамат өз міндетін орындамағандықтан, оған іздеу жарияланыпты.

Сот приставы борышкердің зиратта қызмет ететінін анықтап, жұмыс орнына барған.

"Алимент төлеуден қашып жүрген әке сот приставын көрген бойда ойланбастан қазылған қабірге көзін жұмып, жата қалды. Алайда аты-жөнін айтып шақырған соң, өмірге қайта келді. Борышкерден түсініктеме алынды", - деп хабарлады ведомство.

Ер азаматтың үстінен "Балаларды немесе еңбекке қабілетсіз ата-ананы асырауға ақша төлемеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797355-aliment-tleuden-kaskan-ke-kabirdi-isine-tygylyp-kalgan/

pixel