Отбасылық өмірдің нешінші жылында өзіңізді бақытты сезіне аласыз?
Опубликовано:
Мамандар ерлі-зайыптылар уақыт өте бірін-бірі бағалай бастайтынын атап өтті. Осылайша олар отбасындағы қарым-қатынасты сақтап, гармонияда өмір сүруге ұмытылады деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-тың Пенсильвания штатының Мемлекеттік университеті мен Бригама Янга университетінің мамандары зерттеу жүргізді.
Зерттеу жұмысы үшін ғалымдар әртүрлі жастағы 2034 ерлі-зайыптыларды таңдап алды.
Адамдар неке барысында бір-біріне деген қарым-қатынасты айқындайтын арнайы анкеталарды толтырып отырған.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде ерлі-зайыптылардың алғашқы 20 жылда бір-біріне көңілдері толмайтыны анықталды. Алайда 20 жылдан кейін мамандар олардың бір-біріне бауыр басып, құрметтей бастағанын байқаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797448-otbasylyk-mirdi-nesinsi-zylynda-ziizdi-bakytty-sezine-alasyz/