Ең көп бұзылатын смартфондар анықталды
Опубликовано:
Ресейлік сарапшылар ең көп бұзылатын смартфондарды анықтады деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мамандардың мәліметінше, ең көп бұзылатын смартфон iPhone болып шықты. Оның үлесі жөндеуден өткендердің үштен біріне тиесілі болды.
Екінші орын 18 %-бен Samsung.
Қытай өндірушілері смартфондарының үлесі 2019 жылы 27% -ға дейін өсті, ал бір жыл бұрын олар 17% құраған еді. Олардың арасында Xiaomi (12%) және Huawei (9,6%) смартфондары үздіктердің қатарынан табылды.
Apple өнімдері арасында iPhone 6, 5S, 5 және 6S модельдері, Samsung-те A5, S3, A3 маркалары ең көп жөндеу көретін смартфондар саналып отыр.
Қытайлық брендтер арасында Huawei Nova 2, Honor 8, Xiaomi Redmi Note 4 және Redmi 4X жетекші орынға ие болды.
iPhone қолданушылары смартфон аккумуляторына байланысты көп шағымданған. (30%), Ал Samsung мұндай проблема тек қана 17% жағдайда, ал қытай смартфондары - 14%-да ғана кездескен.
Қытай смартфондары экранның істен шығуына байланысты жөндеу орындарына жиі барса (56%), ал Samsung - экранның сырты істен шығумен танылған.
Жөндеудің бағасы смартфонның құнымен есептесек Xiaomi - 30%, Samsung - 25%, Apple-де - 13%-ды құрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797722-e-kp-bzylatyn-smartfondar-anyktaldy/