Бір-бірінің бетінен сүйіп, сезімін ақтарған әкесі мен қызы жұртты сүйсіндірді
Опубликовано:
Бір-бірін бетінен сүйіп, сезімдерін жасыра алмаған әкесі мен қызының видеосы Instagram әлеуметтік желісінде лезде тарап кетті. Аталған бейнежазба желі қолданушыларының жүрегін елжіретті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкесі мен қызы түскен видео әлеуметтік желіде кең етек жайды.
Бейнежазбада балақай мен әкесі бір-бірінің бетінен армансыз сүйіп жатты. Аталмыш видеоға қатысты оқырмандар түрлі пікір жазып қалдырды.
"Осындай әке тәрбиелеген ата-әжесіне рақмет!", "Жаным сол, әкесін аялап сүйіп жатқан мына қызды қарашы", "Бұлардың арасында нағыз махаббат бар", "Үйлену аздық етеді. Өз балаларыңды сүюің керек", "Керемет", "Алла бақытты балалық шақты нәсіп етсін", - деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797988-bir-birini-betinen-sjip-mahabbatyn-bildirgen-kesi-men-kyzy-kpti-sjsindirdi/