Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлсіз ер адамды қалай анықтауға болады?

Опубликовано:

Әрбір әйел адам батыл да қайсар ер азаматты кездестіруді армандайды. Алайда заманауи өмірде ондай адамдарға қарағанда әлсіз ерлерді жиі кездестіруге болады. Сол себепті де нәзік жандының бар жүкті өз мойнына алып, ер мінезді болуынан басқа амалы жоқ деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: аshahov.ru
Фото: аshahov.ru: UGC

Жігерсіз, әлсіз ер адамның құрығына түсіп қалмау үшін оны бірден әшкерелеген абзал. Ондай ер азаматтың осал тұсын мына іс-әрекеттері айғақтайды:

Күшті табандылық пен тәуелділік

Егер ер азамат үздіксіз әйел адамға хат жолдап, күніне бірнеше рет хабарласып, мазасын алса, демек, ол өзіне және өзінің күшіне сенімсіз. Сондай-ақ, нәзік жандының аузынан шыққан әрбір сөзді құптап, айтқанын екі етпейтін ер адам да әлсіз болып саналады. Себебі, оның өзіндік пікірі мен ойы жоқ.

Қызғаншақтық

Әлжуаз ер адам жүрген жерінде әйелін қызғанады. Сезімін басқара алмайды. Бұл оның өзін төмен бағалайтынынан, өзіне сенімсіз екенінен хабар береді.

Достары мен қызығушылықтарының болмауы

Бойында комплексы көп, тұйық адамның достары да болмайды. Әдетте мұндай ер адамның өзі секілді әлсіз екі-үш танысы болады. Олар үнемі бүкірейіп, сөйлесуге қысылып жүреді. Ондай жандардың бар қызығушылығы - компьютер болуы мүмкін.

Тез ренжіп қалу

Өз-өзіне сенімді ер азамат өзіне қатысты қалжыңдарды көтере алады. Оған қоса сыни пікірлерге де аса ренжіп кетпейді. Егер ол әрбір сөзге өкпелеп, бәрін көңіліне жақын ала беретін болса, демек, әлжуаз адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798070-lsiz-er-adamdy-kalaj-anyktauga-bolady/

pixel