Танымал актриса зәулім сарайды қоянның дәретханасына айналдырған
Опубликовано:
"Безумно богатые азиаты" фильмінің басты кейіпкері Констанс Ву бірнеше айға Лос-Анжелестен Нью-Йоркке көшетін болып, Манхэттен ауданынан құны 6,5 миллион долларды құрайтын үйді жалға алған. Алайда небәрі аз уақытта зәулім сарайды қоянның дәретханасына айналдырған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Үш жатын бөлмесі бар зәулім сарайда Констанспен бірге оның қояны Лида-Роуз да тұрған екен. Алайда актриса үй жануарының артын жинамай, оған ойына келгенін істеуге рұқсат берген.
Жалдамалы үйдің қожайыны 37 жастағы актрисаның мұндай қылығына шамданды. Оның сөзінше, Констанс зәулім сарайды қоянның дәретханасына айналдырып жіберіпті.

"Пәтерден қоянның дәретінің иісі шығып тұрды. Ол жануарды өзімен бірге төсекке жатқызғаны белгілі. Себебі ол жерде қоянның қалдықтары қалып қойған" , - дейді үйдің қожайыны.
Пәтер иесі актрисаның үй жануары бар екенін білген. Алайда ол үйінің осындай халге жететінін, тіпті, ойламапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798179-tanymal-aktrisa-zulim-sarajdy-koanny-drethanasyna-ajnaldyrgan/