20 жылда - 86 ота: Бойжеткен солярийде күюдің соңы не боларын көрсетті
Опубликовано:
АҚШ-тың Теннеси тұрғыны Лиза Пейс мектеп кезінен солярийде күюді әдетке айналдырған. Алайда 10 жылдан кейін оның салдарынан ауруханадан бір-ақ шыққан. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аяғынан мең байқаған бойжеткен дәрігерге барған. Дәрігер меланоманы бірден анықтап, оны отамен алғызып тастауды ұсыныпты
Бойжеткен меңді алғызып тастаған, бірақ солярийге баруды жалғастырған.
Содан кейін бойжеткеннің денесінен қайта-қайта түрлі меңдер шыға бастаған.

20 жылдың ішінде Лиза 86 ота жасатқан. Ол әр үш ай сайын ауруханаға жатыпты. Оның ағзасынан екі түрлі терінің қатерлі ісігі анықталған.
Абырой болғанда, дәрігерлер ісікті дер кезінде анықтап, алып тастап отырған.

"Үнемі күйген жарасады" деп айтатын. Сондықтан тоқтамай күйе бердім. Қатерлі ісік 86 рет мені құлатпақ болды, бірақ мен мойынсұнбай, күресуді жалғастырдым", - деді Лиза Пейс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798307-20-zylda-86-ota-bojzetken-solarijde-kudi-soy-ne-bolaryn-krsetti/