Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барбиге ұқсағысы келген бойжеткен бір жылда 15 сұлулық процедурасын жасатқан

Опубликовано:

Болгарияда тұратын 21 жастағы Андреа Иванова Барби қуыршағына ұқсау үшін бір жылда 15 сұлулық процедураларынан өткен. Алайда оның талпынысын желі қолданушылары қолдай қоймаған деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Бойжеткен өзгерісті өткен жылы қолға алып, сұлулық шараларын айына кем дегенде бір рет жасатып тұрыпты.

Андреа ерініне гиалуронды қышқыл егіп, кеудесіне ота жасатты.

Ол ерні кішірейіп, өз қалпына келді деп ойлаған сайын дәрігерлердің көмегіне жүгініп, қайта үлкейтіп алып отырды.

Студент қыздың айтуынша, ол бала күнінен Барбиге ұқсағысы келген. Алайда желі қолданушылары бойжеткеннің қуыршақтан гөрі құбыжыққа ұқсайтынын жазады.

"Адамды осыншалық ұсқынсыз ететін дәрігерлер қамауға алыну керек", "Сен бұрын сондай сүйкімді едің. Сұрамасам болмады, басыңда не болып жатыр? Босап қалған ба? Үрленбелі қуыршаққа ұқсайсың", - деп жазды олар.

Андреа бүгінгі келбетіне дән риза екенін айтады. Оның сөзінше, әркім өзі қалағандай жүруі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798433-barbige-ksagysy-kelgen-bojzetken-bir-zylda-15-slulyk-procedurasyn-zasatkan/

pixel