Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тылсым күш": Өздігінен қозғалған арба күзетшінің зәресін ұшырды (видео)

Опубликовано:

Канаданың "Альберто" клинаксында тылсым күш бейнеленген жантүршігерлік бейнежазба желіге тарап, көпшіліктің үйрейін тудырды. Өздігінен қозғалып тұрған арбаны көрген аурухана күзетшісі оқиғаны видеоға түсіріп алған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бейнеролик авторы әлі күнге дейін сол жерде қызмет атқарғандықтан оқиғаның нақты орны жарияланбай отыр.

Аурухана күзетшісі кезекшілік кезінде мүгедектерге арналған арбаның өздігінен қозғалғанын көрген. Видеодан арбаның күзетшіге қарай қозғалғанын байқауға болады.

Бұл жайт күзетшінің зәресін ұшырып, ол оқиға орнынан қашып үлгерлі. Алайда қайта оралғанда арба бұрынғы қалпына келіп, қозғалыссыз тұрды.

Ер адамның осыған дейін ешқашан тылсым күшке сенбегенін айтты. Бірақ енді оның өмірде осындай түсініксіз әрекеттердің орын алуы мүмкін екеніне көзі жетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798864-tylsym-ks-zdiginen-kozgalgan-mgedekter-arbasy-kzetsini-zresin-syrdy-video/

pixel