Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түріңіз ұнамайды": Журналисті келеке еткен шенеунік қызметінен қуылды (видео)

Опубликовано:

Қырғызстанның премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев үкіметтің Шу облысындағы өкілі Туйгунаалы Абдраимовду қызметінен босатты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Фото үкіметтнің баспасөз қызметі / Алишер Алиев
Фото үкіметтнің баспасөз қызметі / Алишер Алиев: Depositphotos

Осыған дейін Туйгунаалы Абдраимов Сокулук ауданы, Орок ауылындағы жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалды зерттеуге барған журналистердің бірінің түрін келеке еткені туралы видео тараған.

Бейнежазба шенеунік: Тілші қызға: "Маған сіздің түріңіз ұнамайды" деп сұхбат беруден бас тартқан.

Бұл қоғамды дүр сілкіндіріп, журналистер наразылығын туғызған.

6 маусымда бір топ журналист Шу облыстық әкімдігіне барып, Абдраимовтың өзінен түсініктеме беруін талап еткен. Онда үкімет өкілі жанжалдың неден шыққанын түсіндіргенімен, журналистен кешірім сұрамаған деп жазды басылым.

"Мен "Ала-Тоо 24" телеарнасына сұхбат беріп тұрғанда ол қыз маған дөрекі дауыспен сұрақ қойды. Оған мені тергейтін прокурор емесін ескерттім. Иә, оның түрі ұнамайды деп айтқаным рас. Бұл - өмір", - деп мәлімдеді шенеунік. Абдраимов өзін "сымбатты жігіт" деп есептемейтінін айтты.

Кейін қоғам белсенділері оның қызметінен кетуін талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1799131-triiz-namajdy-zurnalisti-keleke-etken-seneunik-kyzmetinen-kuyldy-video/

pixel