"Әке боласың": Жұбайына тосынсый әзірлеген келіншек көпті сүйсінтті
Опубликовано:
Instagram желісінде жүктілік туралы хабарды түрлі тәсілмен хабарлайтын видеолар кең етек жайған. Тoi_kazakh парақшасында жарияланған сондай бейнежазбалардың бірінде жұбайы күйеуіне сәбилі болатынын ерекше жеткізген. Аталған видео желі қолданушыларының жүрегін елжіретпей қоймады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әйел адам күйеуіне тосын сый жасап, жүктілігі туралы хабарды әсемдеп жеткізгісі келген.
Ол бөлмені шарлармен әсемдеп, қораптың ішіне "Сәлем, әке" деген жазу қалдырыпты.
Видеодан ер азаматтың толқынысы анық білінеді.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырды.
"Керемет", "Неткен бақытты жандар", "Бақытты болсын"", - деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1799177-ke-bolasy-zbajyna-tosynsyj-zirlegen-kelinsek-kpti-sjsintti/