Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда аптап ыстықтан төрт адам қайтыс болды

Опубликовано:

Үндістанның солтүстігінде пойызда отырған төрт жолаушы күннің қатты ысуы салдарынан қаза тапты деп хабарлайды Хабар24.

Көрнекі фото: huffingtonpost.com
Көрнекі фото: huffingtonpost.com: Facebook

БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, жолаушылардың үшеуі пойызда, біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Жолға шыққандардың басым бөлігі Арга қаласынан Тадж-Махалға бағыт алған діндарлар екенін айтылды.

Үндістанда қазіргі уақытта ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріліп тұр.

Синоптиктер жақын арада ыстықтың беті қайтпайтынын жеткізген.

Осыған сәйкес, жергілікті билік тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1799281-ndistanda-aptap-ystyktan-trt-adam-kajtys-boldy/

pixel