Жануарлар үйіне көмектесуді ойлаған қалыңдық тойына иттерді шақырды

Опубликовано:

Американның Миссури штатының тұрғыны Салли Бёрки жануарларды өте қатты жақсы көреді. Сол себепті ол жануарлар үйінен бірнеше итті өз тойына шақырып, оларға жаңа иелер тауып беруге септігін тигізген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Салли өміріндегі ең маңызды күнге алдын ала дайындалуды жоспарлады.

Тойының ерекше өткенін қалаған қалыңдық ғаламторда қалыңдық гүлін емес, ит ұстап тұрған құрбылардың видеосын көріп қалған.

Бұл идеяны Салли бірден ұнатып, ойын іске асыру үшін жануарлар үйіне хабарласады. Олар да өз кезегінде бұл игі бастаманы қолдай жөнеледі.

Қалыңдық тойдың көмегімен жоқ дегенде бір итке иесін тауып бермек болды. Алайда тойға келген бес иттің төртеуі де жаңа қожайын тапқан.

Кейіннен жануарлар үйіндегі еріктілер көптеген той иелерінен иттерге үлкен сұраныс түсіп жатқанын айтты.

"Иттер өздерін тәртіпті ұстады. Фототүсірілім кезінде сабырлылық танытты. Бәрі керемет болды", - дейді бойжеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1800019-zanuarlar-jine-kmektesudi-ojlagan-kalydyk-tojyna-itterdi-sakyrdy/