Төрт бірдей сүйкімді қыздың әкесі желіде қалай жұлдызға айналды?

Опубликовано:

Төрт қыздың әкесі Сайман Хупер өзінің күнделікті түсіретін суреттерінің көмегімен Instagram желісінде кең танымалдыққа ие болды. Бүгінгі таңда ер азаматтың жеке парақшасында 1 миллионға жуық оқырманы бар деп хабарлайды ribalych.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хуперлер егіздердің бала күнінен бір-бірінен ерекшеленгенін қалап, қыздарды әртүрлі киіндіруге тырысады. Оған қоса, осылайша егіздерді ажырату оңай еді.

Алайда бүлдіршіндер ата-аналарының жоспарына қарсы шығып, үнемі бірдей киім алып беруін сұрайды екен.

Сырттай қыздардың түрі бір-біріне қатты ұқсас болғанымен, қиын мәселелерді шешудегі талпыныстары әртүрлі.

Саймонның ойынша, балаларды туа сала тәрбиелеп, өмірлік құндылықтарды айқындауға септесу керек. Сол үшін ол балаларға әке қажет деген сенімде.

Сондай-ақ ер адам қыздарын айналадағы адамдармен араласқанын қалайды екен. Сол себепті Саймон қыздарды түрлі мерекелік іс-шараларға, қонаққа жиі алып тұрады.

Әке үшін маңызды екі ереже бар. Біріншісі, үні шықпай қалған балалар - жақсылыққа апармайды. Екіншісі, бәріне әке кінәлі, себебі балаларға мұқият болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1800140-trt-birdej-kyzdy-kesi-erekse-suretterimen-zeli-zldyzyna-ajnaldy/