RU

Өзбекстан президентіне өлең оқып берген мектеп оқушысы автокөлікке ие болды (фото)

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке өлең оқыған екінші сынып оқушысына көлік табысталды. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: Twitter

Осы жылдың 1 маусымында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ташкент облысы Букин ауданы Бустон ауылына барған.

Іс-сапар барысында мемлекет басшысына 27-орта мектебінің екінші сынып оқушысы Фазилат Якубова "Президенттің бес бастамасы" атты өлең оқып берген.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: Instagram

Сол кезде президент қыздың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жасалған жағдайлар үшін әкесіне автокөлік сыйлауға уәде берген екен.

УзА мәліметінше, жақында президент өзінің сертін орындап, Фазилат Якубоваға жаңа "Кобальт" автокөлігін табыс етіпті.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: Instagram

Одан бөлек, осы ауданның №19 балалар музыкалық-көркем мектебі президенттен Isuzu автобусын сыйлыққа алды.

Аталған тартуларды Ташкент облысы басшысының міндетін атқарушы Рустам Холматов табыстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1800379-zbekstan-prezidentine-le-okyp-bergen-mektep-okusysy-avtoklikke-ie-boldy-foto/