Су астында сиқыр көрсетпек болған сиқыршының денесі табылды
Опубликовано:
Үндістандағы Ганг өзінінен танымал сиқыршы Чанчала Лахиридің денесі табылды. Марқұмды бауыры таныды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сиқыршы аты аңызға айналған америкалық Гарри Гудинидің су астында кісеннен босаған іс-әрекетін қайталамақ болған.
Суға сүңгімей тұрып Лахири өзінің сыртқа шыға алмай қалған жағдайда, қайғалы жағдай орын алатынын, ал аман-есен шықса, нағыз сиқырдың өзі болатынын айтыпты.
"Үндістандық Гудини" судан сол күйі шыға алмады. Бір тәулік өткен соң құтқарушылар Ганг өзенінен оның жансыз денесін тауып алған.
Тергеушінің пікірінше, сиқыршы трюкке дайындық кезінде бірнеше қателіктер жіберген. Мәселен, оның үстінде іс-қимылды тежейтін ыңғайсыз киім болыпты.
Естеріңізге сала кетсек, су астында сиқыр көрсетпек болған иллюзионистің жоғалып кеткенін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1800425-su-astynda-sikyr-krsetpek-bolgan-sikyrsyny-denesi-tabyldy/