Допингпен ұсталған кениялық марафоншы әйел ер адам болып шықты (фото)

Опубликовано:

Желаяқ спортшылармен танымал Кенияда қызық оқиға орын алды. Марафоншылардың Меккесі аталып кеткен Эльдорете қаласындағы аурухананың медбикелері күдік тудырған спортшыға байланысты полиция шақыртуға мәжбүр болған. Анықталғандай, дәрігерлер әйел адам деп санаған марафоншы ер азамат болып шыққан деп жазады skirun.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: skirun.ru
Фото: skirun.ru: Twitter

Медицина қызметкерлері медбике киімін киіп алып, әйел адамның аты-жөні жазылған бейджикті тағып алған азаматты анықтады.

Тәртіп сақшылары күдік тудырған адамды бөлімшеге апарып, адам сенгісіз жайтқа тап болған. Анықталғандай, Шайз Чепкосгей атымен жамылып жүрген әйел адам шын мәнінде ер адам болып шыққан.

Полицияның мәліметнше, Шайз Чепкосгей бұрынғы кәсіби марафоншы әйел екен. Ол 2016 жылғы Малайзияда өткен жартылай марафонда допингпен ұсталып, спорттан төрт жылға шеттетілген.

Фото: skirun.ru
Фото: skirun.ru: Twitter

Оның сынамасынан тестостерон, андростерон және этиохоланолон табылды

Онысыз да төрт жылға спорттан шеттетілген спортшы енді өмір бойына марафонмен қош айтысуы мүмкін.

Ер адам полицияда Хиллари Ротич есімімен тіркелді. Бұл оның шын есімі болуы әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1800874-dopingpen-stalgan-kenialyk-marafonsy-jel-er-adam-bolyp-sykty-foto/