Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алты күн бой жүрегі соқпаған қыз бала ғажайыптың күшімен аман қалды

Опубликовано:

Қытайдың Шанхай қаласында дәрігерлер алты күн бойы жүрегі соқпаған 10 жастағы қызды құтқарып қалды деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алты күн бой жүрегі соқпаған қыз бала ғажайыптың күшімен аман қалды
Көрнекі фото: lmn.in.ua: UGC

Қыз бала ауруханаға мамырдың аяғында түскен. Оның тынысы тарылып, дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, кеуде тұсы ауырған.

Дәрігерлер науқастың аса қауіпті жүрек қабынуы - өткір кардитті анықтаған. Ол шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылып, экстракорпоналды мембраналық оксигендеу жасалған. Соның көмегімен олар алтын күн бойы қыз баланың өмірін сақтап отырған.

Алайда ақ халаттылар оның жүрегін соқтыра алмаған. Сондықтан олар донор іздеуге кіріскен. Абырой болғанда Тянцзинь қаласынан донор табылып, дәрігерлер ағзаны ауыстыру отасын жасаған.

Екі сағатқа созылған ота сәтті жасалып, қыз бала біртіндеп күш жинауда. Осылайша, дәрігер науқасқа екінші өмір сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1801858-alty-kn-boj-zregi-sokpagan-kyz-bala-gazajypty-ksimen-aman-kaldy/

pixel