Трамп Жапония мен Үндістан премьерлерімен қол алыспай, жұдырық түйістірді (видео)
Опубликовано:
АҚШ президенті Дональд Трамп Жапония иен Үндістан премьер-министрлерімен кездесу өткізіп, амандасар кезде қол алысқанның орнына жұдырық түйістірді. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

G20 саммитінің қарсаңында Трамп, Абэ мен Моди суретке түсу үшін тұрды. Фотогрофтар олардан қол алысуды өтінді. Үш адам қалай бір мезетте қол алысатынын білмей сасқалақтап қалды.
Американдық басшы тығырықтан шығар жол тапты. Ол жұдырығын түйіп, оны әріптестеріне қарай созды, олар да күліп, жұдырықтарын түйістірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1802070-tramp-zaponia-men-ndistan-premerlerimen-kol-alyspaj-zdyryk-tjistirdi-video/