Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 жастағы черкес қызы теңдессіз даусымен әділ қазыларды таңғалдырды

Опубликовано:

America's Got Talent конкурсының ресми YouTube-арнасында черкес қызының өнер көрсеткен сәті жарияланды. 10 жастағы Иман Биша тыңдармандарды ғажайып дауысымен тәнті еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Ролик бірнеше күнде екі миллионнан астам қаралым мен мыңдаған жағымды пікір жинады.

Иман "Тұрандот" операсындағы Джакомо Пуччинидің Nessun dorma атты қиын ариясын орындады.

Жас таланат жоғарғы ноталарды еркін алып, көрермендерді бірден жаулап алды.

Залға жиналған қауым Иманның өнеріне орнынан тұрып қошемет білдірді. Ал әділ қазылар бірауыздан әншіні келесі кезеңге өткізді.

Видеоның көрген желі оқырмандары да таңданысын жасыра алмады.

"Керемет", "Неше рет естісең де, тыңдай бергің келеді", "Қыз өте талантты екенін көрсете білді", "Әдемі ән орындағаны үшін, жас әртіске үлкен рақмет" деген сынды пікірлерін қалдырды.

Отандық және шетел орындаушыларының әндерін Музыка Нур қосымшасы арқылы тыңдаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1802453-10-zastagy-cerkes-kyzy-tedessiz-dausymen-dil-kazylardy-tagaldyrdy/

pixel